ЖОЛДАУ БАСЫМДЫҒЫНЫҢ БІРІ – ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ
2018 жылдың 10 қазанда Қаратөбе аудандық мәслихат залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және іске асыру жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Нұртазиннің қатысуымен Қаратөбе ауданының активі жиналысы өтті.
Жиналысқа аудандық мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері, аудандық бөлім басшылары, ардагерлер мен зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, жастар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша 4 баяндама оқылды.
Баяндамаларда Елбасының Жолдауда көрсетілген бастамаларының қазіргі таіңда өзекті екендігі айтылып, алдағы уақытта Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындауға күш салынатындығы мәлімделді.
М.Нұртазин Жолдау бойынша өз пікірін ортаға салып, аталмыш құжатта көрсетілген нақты тапсырмалар мен міндеттерді орындау маңыздылығын атап өтті. Актив жиналысының соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Кенжеғалиева жиналыстың қарары жобасын оқыды. Қарар актив жиналысына қатысушылармен бірауыздан қолданып, қабылданды.
