Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Жолдау-2021. ӘР САЛА НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАДЫ

2021 жылғы 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев кезекті Жолдауын жариялады.

Елдің даму бағыты мен экономикалық, әлеуметтік бағдарын айқындайтын құжатта Президент мемлекеттің барлық салаларына назар аударды.

Мәселен, пандемия әрекеттеріне байланысты бюджеттің кіріс бөлігін оңтайландыру, шығындарды сауатты басқару, осы жылдың соңына дейін Қаржылық басқару тұжырымдамасын дайындау, «дәліздегі» инфляцияны 4-6% төмендетуде қолға алынатын жұмыстар еліміздің қаржылық жағдайын жақсартуға бағытталады.

Қазақстан экономикасында үлкен үлеске ие ашылшаруашылығы саласы жайында да тұшымды бастамалар қаралған. Осы орайда бұрын-соңды болмаған құрғақшылыққа байланысты қабылданатын шарлар өз нәтижесін берері анық. Бүкіл агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін іске асыру арқылы халық әлеуетін көтереріміз де сөзсіз.

Президент бұдан басқа «терең цифрландыруды» жалғастыру, 100 мыңға жуық жоғары сапалы IT-мамандарды дайындау; Токио Олимпиадасының қорытындысы бойынша бұқаралық спортты көтеру; жалақысын көтеру арқылы отандық ғылымды қолдау; саяси-құқықтық реформаны одан әрі жүзеге асыру жайларына тоқталды.

Осы құжатта келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін көтеру туралы бастама көтерілді. Яғни, мемлекет аумағында қызмет жасайтын әр мекеме-ұйым, кәсіпорын өз жұмысшы-қызметкерлерінің ең төменгі жалақысын осы бастамаға қарап, теңестіреді. Осы орайда, Президент Үкіметтің кәсіпкерлерге өз қызметкерлерінің жалақысын көтеруге ынталандыруы екенін де айтты.

Әр сала бойынша нақты қабылданатын шаралар жайын қадап айтқан Президент мемлекеттік органдарға Жолдауды жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

0
0
253

Еще по теме

Жолдау-2021. ӘР САЛА НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАДЫ - Yvision.kz