Жолдар, жолдар
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Мелодия души «Белгісіз»
Бейнематериал авторы – «Аutotravelerru» «Путешествие»
Өңдеген - Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Жолдар, менің, жолдарым,
Тұрсыңдар, жол сілтеп, сапарға.
Өзіңде ме, арманым?
Шақырасың, тек алға.
Қилы-қилы, жолдарым,
Жұмбақ болып, жатасың.
Бар ма менің, амалым?
Үнсіз тағы, қаларсың.
Жолдарым, қайда барасың?
Сан құпия бар ғой, өзіңде.
Қызықтырып тағы, жатасың,
Тудырып, сенім, көңілде.
Арманым менің, жолдарым,
Сырымды саған, сенемін.
Шаршасам, қалмаса амалым,
Асығып саған, келемін.
Бүгін де, келдім өзіңе,
Күш қуат іздеп, бойыма.
Түрейін құлақ, сөзіңе,
Бір шешім, болса, ойыма.
