«ЖОЛДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІН ҚЫСҚАРТУ БОЙЫНША 10 ҚАДАМ» АЯСЫНДА РЕЙД ӨТКІЗІЛГЕН
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментімен мемлекеттік органдар арасындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған шаралары белсенді қолдануда.
А.ж. 16 маусымда "Жолдағы сыбайлас жемқорлық көріністерін қысқарту бойынша 10 қадам" аясында Жергілікті полиция басқармасымен «Заң алдында барлығы тең» 5 қадамын орындау мақсатында бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қадам мақсаты жол қозғалысына қатысушылармен лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу болып табылады.
Жұмадан сенбіге қараған түні көңіл көтеру орындары және демалыс аймақтары орналасқан орындарына шығу жүзеге асырылды.
Осындай рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.
