Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ЖОЛДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІН ҚЫСҚАРТУ БОЙЫНША 10 ҚАДАМ» АЯСЫНДА РЕЙД ӨТКІЗІЛДІ

А.ж. 3 қарашасында «Жолдағы сыбайлас жемқорлық көріністерін қысқарту бойынша 10 қадам» аясында «Заң алдында барлығы тең» 5 қадамын орындау мақсатында Ішкі істер департаментімен бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қадам мақсаты жол қозғалысына қатысушылармен лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану фактілерін анықтау және жолын кесу болып табылады.

Жұмадан сенбіге қараған түні көңіл көтеру орындары және демалыс аймақтары орналасқан орындарына шығу жүзеге асырылды.

Іс-шара барысында қызметтік автокөлік құралдарын тиімді  пайдаланбауы, сонымен қатар ілеспе құжаттарды тексерген кезде жол парағының тиісті түрде ресімделмегені және қызметтік автокөлік құралын жеке мақсатта пайдалану анықталды.

Қызметтік автокөлік құралдарын жұмыстан тыс уақытта пайдаланғаны туралы ақпарат тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға шара қолдану үшін жолданады.

 
0
0
228

Еще по теме

«ЖОЛДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІН ҚЫСҚАРТУ БОЙЫНША 10 ҚАДАМ» АЯСЫНДА РЕЙД ӨТКІЗІЛДІ - Yvision.kz