«ЖОЛДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІН ТӨМЕНДЕТУ БОЙЫНША 10 ҚАДАМ» АЯСЫНДАҒЫ РЕЙД
9 қадам: Кеден бекеттері қызметінің мониторингі
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментімен мемлекеттік органдар арасындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған шаралары жалғасуда.
А.ж. 1 қарашада «Жолдағы сыбайлас жемқорлық көріністерін қысқарту бойынша 10 қадам» аясында 9 қадамын орындау мақсатында Кеден бекеттері қызметінің мониторингі жүргізілді.
Іс-шара барысында Астананың көліктік-логистикалық орталығы (Астана қаласы, Астана-Карағанды тасжолы, 45, «КеңМарт» гипермаркеті) аумағында орналасқан «Астана-Кедендік ресімдеу орталығы» кеден кедендік бақылау процедуралары талданды.
Сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары тауарларды кедендік ресімдеу залында ресімдейді. Онда кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу үшін төлем терминалдары және тауарлар бойынша бағалардын жаңарланып тұратын ақпараты бар компьютер орнатылған.
Кедендік ресімдеу залы бейнебақылау жүйесімен ( ситуациялық орталыққа жалғанған 3 бейнекамера) жабдықталған.
Залда орналастырылған 2 мониторға шығарылатын ақпарат бойынша қызметалушыларға электронды кезек арқылы қызмет көрсетіледі.
«Қадамдық қолжетімділік» принципі бойынша кедендік ресімдеу
- ТЛО-ға (УСҚ) жүктін келуі;
- Тауарларды жеткізу бөлімі (көлік құралын байқап тексеру, пломбаларды салыстыру);
- Фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау (фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау актісің беру);
- Тауарларды жеткізу бөлімі (транзит ресімін аяқтау);
- Сертификаттау органдары (өнімге сәкестендіру сертификатын беру);
- Кедендік өкілдері (тауарларға декларацияны толтыру);
- ЕДБ ЕКБ (кедендік төлемдер мен салықтарды қабылдау);
- Кедендік бекеттері (тауарларға декларацияны ұсыну);
- Сақтандыру ұйымдары (сақтандыру шартын ресімдеу);
10. Тарифтік реттеу бөлімі (қамтамасыз ету карточкасын ұсыну).
