Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУДЕ АЙТЫЛДЫ

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУДЕ АЙТЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың 18 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттығына үміткерлер – Аманжан Жамалов пен Снежанна Имашева Орал қаласының «Батыс Дилижанс» автопаркінде экспромт-кездесу өткізді.

Кездесуге аталмыш кәсіпорынның басшылық өкілдері мен жұмысшылары қатысты. Үміткерлер мен қызметкерлер кездесу барысында автобустарды жөндеуден өткізіп, маршруттарды қайта жүруге дайындайтын гаражға барды.

Еске сала кетсек, бүгінгі күні Орал қаласының автобус паркінің тозуы – 54% құрайды. 448 автобус паркінің 250 бірлігі 9 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келген. Бұл орайда, үміткер – Аманжан Жамалов, «Nur Otan» партиясының Орал қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының алға қойған міндеттерін айтып өтті. Яғни, 2025 жылға дейін 100 жаңа автобус сатып алу арқылы, тозу көрсеткішін 31,1%-ға дейін азайту көзделіп отырғанын жеткізді.

Кездесуге қатысушы мамандар автобустардың сын көтермейтін сапасыз материалдары туралы және отандық өндірушілердің қымбат тауарлары салдарынан Ресейлік автобустарды алуға мәжбүр екендігін айтты. Сонымен қатар, тарифтер мәселесі көтеріліп, гараждардың құрылысы туралы ұсыныстар білдірілді.

Үміткерлер өз кезегінде айтылған ұсыныстарды жазып алып, жергілікті атқарушы органдармен бірге жұмыстанатындығын жеткізді. Сонымен қатар, келесі жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауға қатысып, «Nur Otan» партиясы дауыс беруге шақырды.

#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo

қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

преодолев испытания, победим вместе!

0
0
121

Еще по теме

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУДЕ АЙТЫЛДЫ - Yvision.kz