Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖОЛАУШЫЛАР АВТОБУСЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛЫНДЫ.

Соңғы кезде әлеуметтік желі мен мессендждер аудан тұрғындарының наразылығы мен талқылысына ілінген "Орал-Сайқын-Орал" бойынша қатынайтын, арнайы тапсырысты ұтып алған жеке кәсіпкер "М.Қабдығалиевтің" автобусына аудандық мәслихат депутаттары Л.Қайырғалиева, И.Құрмашев, "Сайқын" бастауыш партия ұйымының төрайымы Н.Омарова, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Ж.Ташуов бар топ партиялық бақылау жүргізді. Бақылау бойынша маршрут бойынша қатынайтын көліктің тозығы жеткен, алдыңғы бір фары жанбайды, ішінің тазалығы талапқа сай емес екендігі анықталды.

Аталмыш жайт бойынша, мәселе қозғалып, жағдайды қалыпқа келтіру бағытында тиісті басқарма басшысына қатынас хат жолданады.

0
0
207

Еще по теме

ЖОЛАУШЫЛАР АВТОБУСЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛЫНДЫ. - Yvision.kz