ЖОЛ САПАСЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛЫНДЫ.
"Nur Otan" партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау негізінде аудандық мәслихат депутаты Ермек Меңдешев пен "Бисен" бастауыш партия ұйымының төрағасы Кенжебек Құрмашев сайлауалды бағдарламаға енгізілген көрсеткіштердің бірі Бисен ауылының кірмежолына жүргізіліп жатырған күрделі жөндеу жұмыстарына бақылау жасады. Құрылыстың мердігері "Жайық сити" ЖШС. Техникалық бақылаушы: "Saulet Trans Serviсе". Жобаның жалпы құны: 186 429 063 теңге 17 тиын. (құрылыс жұмыстары 179 984 000 теңге, техникалық бақылау 4 428 126 теңге 28 тиын, автор 2 016 936 теңге 32 тиын). Жолдың ұзындығы: 1,1 шқ. Аяқталу мерзімі желтоқсан айы болғанымен қазіргі күні асфальтбетонды жабындыны төсеу жұмыстары аяқталып, жол тапсырылу қарсаңында. Құрылыс жұмыстарын бақылаушылар мердігер компания өкілдеріне өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
