ЖОЛ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА
11 тамыз күні «Nur Otan» партиясының бақылау комиссиясы және қоғамдық кеңес мүшелері аудан орталығындағы жол жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты. Партиялық бақылау комиссиясының және қоғамдық кеңес мүшелері ауылішілік жолдардың сметалық жобасымен, жол жөндеу материалдарының сапасымен танысты. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы және «Казталов ауылішілік көшелері автомобиль жолдарын қайта жаңарту» жұмыс жобасы бойынша аудан орталығындағы көшелердің жөндеу жұмыстарын мердігер «ШамШың» ЖШС жүргізіп жатыр. Жауапты мердігер құрылыс жұмыстарының жобалық-семеталық құжаттарға сәйкес, сапалы жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті. Жоспар бойынша жөнделіп жатқан көше жолдарынан техникалық су құбырларын өткізу жұмыстары біте келіп, жол жөндеу жұмыстары жалғасын таппақ. Жол сапасының маңыздылығын ескерген партиялық бақылау комиссиясының және қоғамдық кеңес мүшелері алдағы уақытта жол жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысымен танысып отыратындығын, жіті бақылауда болатындығын жеткізді.



