ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНДА "ТІРЛІК" БАР
Аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева, "AMANAT" партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Исатай Құрмашев жол құрылысы жүріп жатқан учаскеде болып, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты.
- Кеше 300 м, бүгін 600 метр жерді дайындап, құмды- қиыршық қоспасын құюдамыз. Сосын қосымша қабат, яғни қиыршық тас төселіп, 10-15 күнде асфальт жабынын төсейміз деген жоспар бар. Неғұрлым көп жерді дайындап алсақ, асфальт төсеу жұмысы да соғұрлым өнімді болады. Кем дегенде алты шақырым жолды дайындап алсақ, асфальтты-цемент зауыты іске қосылады. Бұл жоспарымыз біріншіден жол құрылысы материалдарының жеткізілуіне, екіншіден ауа райына байланысты. Қазіргі таңда құрылыс материалдарының тасымалы да қарқын алды, - дейді "Ақжолқұрылыс" ЖШС прорабы Саналы Еділханов.
Оның айтуынша, ауыл тұрғындарын көптеп жұмысқа тартылған. Он бес күн жасап, кем дегенде 100 мың теңгеден кем емес ақша алады екен.
#орда_ақпараты
