ЖИЫРМА ҮШ ҰЛТТЫҢ ӨКІЛІ БІР АТАНЫҢ БАЛАСЫНДАЙ
Сайлау күні жақындаған сайын Шардара ауданындағы «Nur Otan» партиясының мүшелері қарқынға қарқын қосып келеді. Мысалы, бүгін аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар өзге ұлт өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесулер барысында партия белсенділері өзге ұлт өкілдерін ынтымақты болуға шақырды.
–«Nur Otan» партиясы біздің қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен арттыруды қолдайды. Бұл мәселе «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасында кеңінен көрініс тапқан,-дейді партия белсенділері.
Бүгінде Шардара ауданында 23-тен астам ұлт өкілдері тұрады және қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді.
Бейбітшілік пен келісімді қолдау үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай мынадай міндеттерді қояды:
-партияның «Бақытты отбасы» жобасын іске асыруға қатысу. Отбасының рөлін арттыратын және отбасылық құндылықтарды нығайтатын түрлі акциялар мен спорттық шаралар өткізу;
-ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды және ұлттың мәдени кодын сақтауды, оның ішінде тақырыптық шаралар арқылы Қазақстан халқының бірлігі күнін жалғастыру;
-«Берекелі шаңырақ» жастар жобасы аясында аналар кеңестерінің жұмысына жағдай жасау;
-бірлікті, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту үшін этномәдени және діни бірлестіктерді белсенді түрде қолдау;
-азаматтық қоғамның дамуына және азаматтық белсенділіктің іске асырылуына ықпал ету.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай ауданда қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау туралы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында айтылған ойлар жүзеге асады.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
