"ЖИДЕЛІ СУ ҚОЙМАСЫ"
Партиялық бақылау комиссиясы назарында "Жиделі су қоймасы". "Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық Партиялық бақылау комиссиясы, "Nur Otan" партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Балқожаев, Жайылма ауылдық округі қауымдастық мүшесі Шамшиев Мұрсат және ауыл әкімі Т.Зейдалиев Жайылма ауылдық округіне қарасты "Жиделі су қоймасына" жөндеу жұмыстарына партиялық бақылау жұмыстарын жүргізді. Республикалық бюджеттен 450 млн. теңге бөлініп, ауқымды жұмыстар басталған. Ұзындығы 830 метрге жететін стратегиялық нысанда қазір жұмыс жүргізілуде.
Бөлінген қомақты қаржының мақсатты жұмсалуы мен жұмыстың сапасын партия жергілікті филиалы өз бақылауына алуда.
«Жиделі су қоймасындағы» жұмыстардың қарқынын көрді. Жұмыстың жүргізілгені жүйелі.
