Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖЕЗҚАЗҒАНДЫҚТАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН СҰРАҚТАР ТЫҢДАЛДЫ

"Zoom" платформасында онлайн конференцияға қосылған Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Любовь Багирова мен Жезқазған қалалық мәслихатынан үміткер Раушан Қапарова жезқазғандықтарды толғандырған сұрақтардан хабардар болып, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсірдірді.

Кандидаттар "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасында ел мүддесін елеген жаңа жобаларды таныстыра отырып, "Nur Otan" партиясы еліміздегі ауызбіршілікті сақтай отырып, экономикамызды пандемия салдарынан туындаған қиындықтардан сүріндірмей шығаратынына сендірді. Сонымен бірге, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жақсарту мақсатында жаңа жұмыс орындарын ашу, табысын көбейтуге мүмкіндік беретін мемлекеттік қолдауларды молайту партия міндеттерінің қатарында екеніне назар аудартқан Раушан Онқоңысқызы мен Любовь Александровна кездесуге қатысқан қала тұрғындарын сайлауға белсене қатысып, "Nur Otan" партиясын таңдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясының Қарағанды ​​облысы бойынша сайлау қорының қаражатынан төленді.

Еще по теме

ЖЕЗҚАЗҒАНДЫҚТАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН СҰРАҚТАР ТЫҢДАЛДЫ - Yvision.kz