ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНДА "ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" АКЦИЯСЫ ӨТТІ
"Есіктен - есікке" акциясы шеңберінде Жезқазған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Советбек Медебаевтің сенімді өкілі Александр Ким мен кандидат Виктор Сотников Пушкин мен Жанасов көшесіндегі тұрғын үйлерді аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындарға халықты әлеуметтік қолдау және дамудың жеті басым бағыттары бойынша жеке-жеке тоқталып, қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстарды да кеңінен түсіндірген олар партияның алға жоспарланған іс-шаралар тізбегін де кеңінен таныстырды.
Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, қайта өңдеу және сауда цехтарын дамыту, сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін, жаңа жұмыс орындарын ашу сынды сайлауалды бағдарламада көрініс тапқан басым бағыттарға егжей-тегжейлі тоқталған кандидат пен сенімді өкіл алдағы уақытта жезқазғандықтардың алаңсыз өмір сүруіне қолайлы игілікті шаралар легі толассыз жалғаса береріне сендірді де "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясының Қарағанды облысы бойынша сайлау қорының қаражатынан төленді.
