Перейти к содержимому
Обложка сообщества Творчество

Жетім назы

Бақшадағы бір кездері солмайтын,

Гүл едік біз, жүр едік біз… Ол қай күн?

Сәби жүрек, бұл өмірден бейхабар,

Тұман болып торлайтын.

“Жетім” деген жәй әншейін бір атым,

Бүйірімнен қанжарлар көп сұғатын.

Баспана жоқ, қаңыраған кеуде тұр,

Жан болса егер тұратын.

Уа, адамдар, тұрған жоқ па сезіліп?

Жүрек тұр ғой қалтарыста езіліп.

Құрдастарым менен сірә, жасырын

Жүрген шығар безініп.

Кек сақтап, гүл болмадым жайқалмайтын,

Аласұрған көңілім үйте алмайтын.

Не бір күнді өткерген сор басымнан,

Алақан жоқ сипалайтын.

Мүсіркейтін бала емеспін тастанды,

Өмір ғой ол, зымданға әкеп тастады.

Қайтармай жүр жанарымнан моншақтап,

Бытқып аққан жастарды.

Тілдесетін анаммен сыр толғайтын,

Хатым да жоқ о дүниеге жолдайтын.

Бақыттының рөлін әркез сомдауға,

Менде қауқар, сенде еш мән болмайтын.

Уа, тағдырым, менде шара болмай тұр,

Қорғаным жоқ, тасқындардан қорғайтын.

Сен әзірге жауыздықты жаудырмай,

Сағым болып орнай тұр.

Менде шеше, сенде мейірім болмай тұр.

Автор: Әбибуллаев Ұлан

0
0
4025

Еще по теме

Жетім назы - Yvision.kz