ЖЕТІБАЙ АУЫЛЫНДАҒЫ МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ
"AMANAT" партиясының мобильді қабылдауы аясында "AMANAT" партиясының Бөкей ордасы аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты И.Құрмашев, аудандық мәлихат хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Л.Қайырғалиева, "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалы директоры, аудандық мәслихат депутаты Б.Жұмағұлова, "Пахман" шаруа қожалығының жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Е.Меңдешев, аудан әкімінің орынбасары М.Аққалиев және Бисен ауылдық округі әкімі аппаратының бас мамандары Р.Әсетов пен А.Нәсиева Бисен ауылдық округіне қарасты Жетібай ауылының тұрғындарымен кездесіп, қабылдаулар өткізді. Ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері: ауылдық бастауыш мектепті күрделі жөңдеу, газ өткізу, ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункті жөндеу . Қабылдауға келген тұлғалар тұрғындардың қойған сұрақтарына заң шеңберінде жауап беріп, түсінік жұмыстарын жүргізді.
