ЖЕТІБАЙ АУЫЛЫНДА ОҚУШЫЛАР ОРТАЛЫҒЫ ҒИМАРАТЫНА ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ
Осы орайда «Nur Otan» партиясы Қарақия аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы аталған бағдарлама бойынша Жетібай ауылындағы оқушылар орталығы ғимаратына қайта құрылымдау жұмыстарына мониторинг жүргізді. Аталмыш жобада 20 адам жұмыспен қамтылып, жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі күні қабырғамен төбенің ескі сылақтарын түсіру, кіре беріс құрылысы, ғимарат төбесін биіктету (парапед), қоршаудың іргетасын бетондап құю, ішкі тоқ желілерін жүргізу және сыртқы қабырғаның сылақ жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ сыртқа қабырғаны қаптау жұмыстары және спорт алаңы мен мектеп аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 1 желтоқсан 2020 жыл.
