"ЖЕР АМАНАТЫ" ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.
Бөкей ордасы ауданы аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мақсатсыз пайдаланылуына мониторинг жүргізу жөніндегі аудандық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Жұмыс тобы мүшелері Сайқын ауылдық округінде орналасқан 2018-2019 жылдары конкурс негізінде жер алған шаруа қожалығы иелерімен кездесіп, сәйкесті жерлері бойынша алған міндеттемелерін тыңдап, бизнес жоспарында кейбір тармақтардың орындалмау орын алған жер иелеріне заң аясында түсінік берді.
