«Жер аманаты» комиссиясы Қамысты ауылында болды
«AMANAT» партиясының Жәнібек аудандық филиалы жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы Қамысты ауылында болып, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мәселелері бойынша ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде сөз сөйлегендер аудан әкімінің орынбасары Асқат Молдағалиев, «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қуанәлиев, «SHOPAN ATA» қауымдастығы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы Бауыржан Сабанов және аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Нұрболат Абдрешев пайдаланбай отырған жер учаскелерін мемлекеттік меншікке қайтару арқылы оны қайта айналымға енгізу Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатырған ауқымды шаралар туралы хабардар етіп, жер пайдаланушыларға жер учаскелері мақсатына сай және тиісті деңгейде пайдаланылуы тиіс екендігі туралы қатан ескертілді.
Өз кезегінде Біржан Қуанәлиев елімізде жүзеге асырылып жатырған «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасының мақсат-міндеттерін түсіндіріп өтті. Мәселен, жоба шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту және кеңейту мақсаттарына 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беріліп, ауыл шаруашылық өндірісін одан әрі дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын сатып алушыларға лизинг шарттарын жетілдіру, ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтер үшін инвестициялық субсидиялар беру көзделген.
Кездесуде қатысушылар тарапына сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
