«ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ»
2019 жылдың 9 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлері Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұжымы мен оған бағынысты ұйымдар басшыларына арналған оқыту тренингін өткізді.
Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Г. Мурзакаева жемқорлық тәуекелдерін анықтау, жемқорлықтың себептері мен шарттарын жою немесе барынша азайту бойынша ұсыныстар беру, ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама дайындау тәртібін түсіндірді.
Шараға қатысушылардың мәдениет саласында қызмет бағытына орай туындауы мүмкін жемқорлық жағдайларының алдын алу туралы сұрақтарына жауап берілді.
Сонымен қатар, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және оны көтеру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірілді.
