Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ — НҰРЛЫ БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДА!»

Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын қалыптастыра отырып, бүкіл қоғамды, оның ішінде, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту, жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру мақсатында «ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ - НҰРЛЫ БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДА!» атты жастар форумы өтті.


Форум аясында мемлекеттік қызметтің имиджін көтеруге арналған мемлекеттік қызмет саласы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы «Ең үздік жарияланым» атты облыстық байқауының қорытындысы бойынша Алғыс хатыпен және ынталандыру сыйлығымен облыс әкімдігі басқармалары мен аудандардағы аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшылары мен өзге де қызметкерлер марапатталды.


 

Осыған орай, Жамбыл жастарымен  қабылданған «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы» үндеуін жарияланды.


ҮНДЕУ

 

Құрметті облыс тұрғындары мен жастары!

Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз Тәуелсіздік жылдарында ешбір қиындыққа мойымай әлемдегі бәсекеге ең қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылды. Бұл саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің, халқымыздың ынтымағы мен қазақстандық­тар­дың қажырлы еңбегінің арқасында жүзеге асты.

Сондықтан да, Тәуелсіздік, саяси тұрақты­лық, келісім мен қоғамның ынтымағын нығайту сияқты негізгі құндылықтарды сақтау – бүгініміз бен келешегіміздің алдындағы біздің ортақ жауапкершілігіміз.

Мемлекет басшысы «Қазақ­стан – 2050» страте­гия­сында елімізді әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосу жөнінде биік мақсат қойды. Бұл әр қазақстандық пен еліміздегі әрбір отбасының өмір сүру сапасын ең дамыған елдердің деңгейіне дейін көтеруді білдіреді.

Бүгінгі күні күллі әлем жаһандық дағдарыспен бетпе-бет келіп отырғанда Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев көрегендік танытып, мемлекетімізді тығырықтан алып шығатын «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол!» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады.

Осы орайда, жоғарыда айтылған биік мақсаттар мен ел азаматтарының алдына қойылған міндеттерді, «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруда басты кедергі болып отырған қоғам дерті - сыбайлас жемқорлық. Елбасы атап өткендей: «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне  сенімді сетінетеді және ұлттық қауіп­сіздікке төнген тікелей қатер болып саналады».

Сондықтан да, біз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық жастар форумына қатысушылар, барша облыс тұрғындары мен жастарын:

- облысымыздағы түрлі салаларда орын алып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресуге және оның алдын алуға бағытталған іс-шараларға пәрменді түрде қатысуға;

- құқық қорғау органдарының жемқорлық әрекеттерге тосқауыл қоюға бағытталған іс-әрекеттеріне қолдау көрсетуге;

- атқарушы билік тармақтары мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара байланысын нығайта отырып, жемқорлықпен күресті одан әрі жандандыруға;

- жастардың бойында жемқорлық әрекеттерге деген төзімсіздік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында облысымыздың жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында «Жастар жемқорлыққа қарсы!», «Парасыз білім!» «Таза сессия» акцияларының белсенді өткізілуіне атсалысуға;

- «Тәрбие бастауы – жанұядан» деген ұлағатты сөзді ұран етіп, жас ұрпақтың бойын жемқорлық қасиеттерден аулақ ұстау жұмысын өрістетуге;

- бұқаралық ақпарат құралдарында жемқорлықпен күрес жолдарын жан-жақты насихаттап, парақорларды аяусыз әшкерелейтін материалдардың тұрақты түрде жарық көруіне өзіндік үлес қосуға шақырамыз.

Дана халқымыздың «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген ұлағатты сөзін басшылыққа алып, жемқорлықпен қарсы күреске бір кісідей жұмылайық!

       
0
0
3842

Еще по теме

«ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ — НҰРЛЫ БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДА!» - Yvision.kz