«ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ – НҰРЛЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ»
2017 жылдың 7 қараша күні Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жемқорлықсыз қоғам – нұрлы болашақ кепілі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Хайруллин Б.М., БҚО Ішкі істер департаментінің Орал қалалық Ішкі істер басқармасының кадр жұмысы бөлімінің бастығы, полиция майоры Абдрахманов С.С. және жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері мен колледж студенттері қатысты.
Шара барысында төмендегідей сұрақтар талқыланады: Денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлық кездескен және осыған қарсы жұмыстанған сәттеріңіз болды ма? Қазақстандағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» шаралары мен әдістерін білесіз бе? Жалпы сыбайлас жемқорлық дегеніміз не т.б сұрақтарға шақырылған студенттер мен арнаулы мамандар өз ойларын білдіріп, пікірлерін ортаға салды және көтеріліп отырған сұрақтарға сай бейнебаяннан үзінділер жіберіліп отырды.
Шара кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетіліп, қатысушылардың тақырып бойынша көкейдегі сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
