ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
А.ж. 21 тамызда «Арлан» және «Құлагер» командаларының арасында хоккейден Қазақстан 2017 кубогының үшінші күнінің екінші ойыны өтті.
Ойын барысында «Есіктен есікке дейін» сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы аясында Департамент қызметкерлері мен «Арлан хоккей клубының» ойыншылары 700 данадан астам «Адал ойын – жемқорлықсыз болашақтың кепілі» сыбайлас жемқорлыққа қарсы парақшаларын таратты.
