Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ

Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстанда  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заң қолданысқа енгізілді. Бұл Заң Ұлт Жоспары  «100 нақты қадамның» бірінші институттық реформа шеңберіндегі кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру  жөніндегі 13- ші қадамынның шеңберінде қабылданды.

2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары жаңа Заңның негізіне салынған.

Мұнда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары – атап айтқанда мемлекеттік органдардың жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру бойынша ауқымды  жұмыс, халықпен, бизнеспен, азаматтық қоғаммен, БАҚ-пен және халықаралық институттармен  белсенді түрде қарым-қатынас жасау басты бағыттар ретінде белгіленген.

А.ж. қараша айында Департамент Ақмола облысы бойынша ішкі істер департаментімен, және  «Қазақстан» РТРК облыстық филиалымен бірлесіп Ұлт Жоспарының 13-қадамын жүзеге асыру аясында «Өзіңнен баста, азаматтық ұстанымыңды көрсет!» бейнеролигін түсірді.

Департамент госслужбы

0
0
315

Еще по теме

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ - Yvision.kz