ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС
БҰҰ Бас Ассамблеясы Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы 2003 жылғы 1 қарашада қабылданған.
Конвенцияның мақсаты - жемқорлықтың алдын алу және жою. Бұл бағытта елімізде атқарылған тірліктер де аз емес. Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бастап сыбайлас жемқорлықпен күресті бастап кетті. Осы орайда Елбасы тапсырмасы негізінде бірқатар жобалар да жүзеге асып келеді.
Құрметті жерлестер! Сыбайлас жемқорлықты жою – бұл тек қана мемлекеттің мүддес емес, бүкіл қоғамның міндеті екенін ұмытпайық! Себебі бұл дәуір дертін жою арқылы біз өркениетті, әділ қоғамның мызғымас негізін қалап, ұрпағымызға жарқын болашақ сыйлаймыз!
