ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БОЙЫНША ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте Еліміздің Президенті мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылын және азаматтардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру үрдісіне маңызды назар аударады. Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді және мақсатты жұмыстар жүргізіліп отыр, бұған Жолаудың тоғызыншы бағытында көрсетілген тұжырымдамалар дәлел.
2018 жылдың 29 наурызында Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі азаматтық бастамалардың аймақтық съезіне қатысты.
Департамент жемқорлыққа қарсы жұмысын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдары, 2015-2017 жылдарға арналған ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетімен бекітліген Жоспары және 2015-2017 жылдарға арналған ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Жоспары негізінде атқарады.
Осылайша, «Ақмола облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жүргізу туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес, 2018 жылдың 2 мамырынан бастап 14 мамырына дейін Департаменттің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдауы өткізіліп, сонымен қоса «Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментіне «Ақмола облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитеті» РММ қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға бағытталған талдамалық ақпарат ұсынылып, топта 5 адам болған, талдау нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмеген келіспеушіліктерді жою бойынша жұмыс жүргізілді.
Сондай-ақ, департамент мамандары аймақта өткізілетін саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өткізілетін талқылауларына қатысады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында инспекторлар жүргізген тексерістердің техникалық реттеу және метрология және өлшем біргілін қамтамасыз ету заңнамаларының талаптары, мемлекеттік бақылау актілерінің құрылу сапасы бойынша департамент басшылығы мониторинг жүргізіп отырады.
Департаментте әкімшілік істерді комиссиялық қарау және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үлкен жариялыққа беру тәжірибесі жалғасып келеді.
Бұдан басқа, Департамент жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қарастырылып, өтініш берушілерге «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабын түсіндіріп уақтылы қарау және жауап беруді қамтамасыз етеді.
Департаментте «Қоғамдық қабылдау» мен «Сенім телефоны – 25-57-89» жұмыс істейді. Департамент басшысы мен этика жөніндегі қызметкер кестеге сәйкес заматтарды қабылдайды.
Департамент мамандары жүйелі түрде бұқаралық ақпарат құралдарындағы, мемлекеттік органдардың сайттарындағы, Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жарияланымдарға, жеке және заңды тұлғалардың департамент қызметі бойынша туындаған проблемалық мәселелерін анықтау мақсатында өтініштерге талдау жасайды. 2018 жылы 47өтініш қарастырылып, өтініш берушілерге ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңының 12 бабына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Департамент басшысының - Ақмола облысы бойынша мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының м.а.
МУРЗАЛИН АЗАМАТ КАРАТАЕВИЧ
