Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ ЕЛ ЖАДЫНДА

Леңгер қаласындағы аудандық орталықтандырылған кітапханада "Желтоқсан көтерілісі ел жадында" тақырыбында дискуссиялық клубының отырысы өтті. Қоғам белсенділері, жастар, патриот азаматтар қатысқан шарада ел тәуелсіздігін алу жолындағы кедергілер мен қиыншылықтар, сол заман жастарының бойындағы патриоттық рух, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдері айтылды. Қоғам белсенділері өзара пікірталасқа түсіп, ортақ мақсат туған жерге мінсіз қызмет ету екендігін түсінді. Қатысушылар сайлау науқанының маңызы мен мазмұнынына да тоқтала, "Nur Otan" партиясын қолдап, қуаттайтындарын айтып тарқасты.

2
0
136

Еще по теме

ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ ЕЛ ЖАДЫНДА - Yvision.kz