Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ ЕЛ ЖАДЫНДА

Кездесуде клуб мүшесі Жасмин Асқарқызы Ашимова 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" жайлы баяндама оқыды. Бүгінгі азаттықтың ақ таңы – сол кездегі қыршыннан қиылған боздақтардың төккен жасы мен аққан қанының арқасында орнағанын жеткізді. Жастарды бейбіт өмірімізді бағалауға, Тәуелсіздігіміздің қадірлеуге шақырды.

Еске сала кетейік, алдымызда 16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні келе жатыр. Биыл 1991 жылғы 16 желтоқсанда президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 29 жыл толды.

0
0
149

Еще по теме

ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ ЕЛ ЖАДЫНДА - Yvision.kz