Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӘЖЕЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Аудан басшысы, "AMANAT" партиясы аудандық филиалы төрағасы Нұрлыбек Даумов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Тілеген Арыстанбеков пен Сайқын ауылдық округі әкімі Нұргүл Омарова аудан орталығындағы ақ жаулықты аналарымыздың үйлеріне арнайы барып, мейраммен құттықтап, ізгі тілектерін айтып, азын-аулақ сый-сыяпаттарын тарту етті.

Жаңыл Досалиева, Меңсұлу Болатқалиева, Камила Мағзомова, Бұрыш Ермұхамбетова мен Жұмағаным Аманжоловалар азаматтарымен тізе қағыстырып, қара жұмыста қатар жүріп, көпбалалы шаңырақтың ұйытқысы болған асыл аналар. Соғыс жылдары дүниеге келген бұл аналарымыз таршылықты да, тоқшылықты да тоқырау жылдарын да бір кісідей көрген.

Жаңыл, Меңсұлу, Жұмағаным мен Бұрыш апаларымыз мал бағып, құтты қоныстарын ұлдарына табыстап отырған еңбек ерлері болса, Камила апамыз қаракөл қозы да өсірген, сауыншы да, құрылысшы да болған.

Аналарымыздың бәрі де бүгінгі күндеріне шүкіршілік етіп, ұрпағының амандығын, елінің тыныштығын тілеп отыр.

- Қарапайым мал баққан еңбек адамдарымыз. Сол еңбегімізді ескеріп, мейрамда елеусіз қалдырмай, арнайы кеп жатқагдарыңызға үлкен рақмет. Қарияның көңілі сәлемді медеу етеді екен, жылы сөз бен жылы қабақ біз үшін жарты байлық. Елеп, ескергеніңізге үлкен рақмет, - десті ақ жаулықтыларымыз.

#орда_ақпараты

0
0
172

Еще по теме

ӘЖЕЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ - Yvision.kz