ЖЕКЕ КӘСІП ИЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Ақпараттық топ мүшелері Хан ордасы ауылының шаруа қожалығы иелерімен кездесті. Кездесудің мақсаты ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Жолдауынан туындайтын іс-шаралар тізбегі мен саяси құжатта айтылған кезектен тыс Президент сайлауы туралы болды. Шараға қатысушылар мемлекеттік қызметтен алыс жүргенімен қоғамдық өмірдің белортасынан табылып, күнделікті Мемлекет немесе аудан өмірінде болып жатырған жаңалықтардан хабардар екендіктерін жеткізді. Кездесуде сөз алған шаруа қожалығы жетекшісі А.Баетов - Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқан шағында халыққа өз Жолдауын жасады. Аталған Жолдауда елімізің әрі қарай дамуы үшін бірқатар маңызды бағыттар айқындалып, нақты тапсырмалар берілді. Халық үніне құлақ асатын мемлекет екендігін тағы да дәлелдеп, тұрғындар көтерген әлеуметтік-маңызды салаларға да тың серпін беретін жобаларды ұсынды, - деп өз ойын жеткізсе, тағы бір қожалық жетекшісі Т.Бөпілов: "Мемлекет басшысы өз Жолдауында халықты толғандыратын барлық өзекті мәселені қамтыды. Бұл су ресурстарының жетіспеушілігі, жол жөндеу, ауылдағы медицинаны дамыту, игерілмеген жерлерді қайтару және тағы басқалар. Сондықтан біз Президенттің бағытын толық қолдаймыз", – деді.
Ақпараттық топ мүшелері алда келе жатырған сайлаудың маңыздылығына тоқталып, әр қазақстандықтың алдында Жаңа Қазақстанды құру мақсаты тұр. Осы белсенді бағыттағы көзқарастарыңыздан таймаңыздар деген пікірлерін жеткізді.
