ЖЕДЕЛ ЖИНАЛЫС (ЭКСПРОМТ ВСТРЕЧА)
ЖЕДЕЛ ЖИНАЛЫС (ЭКСПРОМТ ВСТРЕЧА)
«Шархат» сауда орталығында экспромт-кездесу өтті.
Халықпен кездесуге "Nur Otan" партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Қарақұлов Көби қатысып. Сауда орталығының әрбір келушісін партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, олардың сұрақтарына жауап берді. Сұрақтар жастарды тәрбиелеу, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты болды.
Үміткер азаматтардың әл-ауқаты аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші екенін атап өтіп, партия білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызмет көрсету арқылы облыс халқының өмір сүру жағдайын жақсартуға күш салып жатқанын атап өтті.
Шара соңында Қарақұлов Көби жұртшылықты «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге, жарқын болашаққа бірге қадам басуға шақырды.
