Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖЕДЕЛ ЖИНАЛЫС

ЖЕДЕЛ ЖИНАЛЫС (ЭКСПРОМТ ВСТРЕЧА)

Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы «Маңғыстау» сауда орталығында экспромт-кездесу өтті.

Халықпен кездесуде "Nur Otan" партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Тасболатова Гүлнара және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Біләлов Берік Жарылғапұлы, Бимембетова Гүлфайруз Асанқызы белсенділік танытып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сауда орталығының әрбір келушісін партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, олардың сұрақтарына жауап берді. Сұрақтар ауыл тазалығы, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты болды.

Үміткерлер азаматтардың әл-ауқаты аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші екенін атап өтіп, партия білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызмет көрсету арқылы облыс халқының өмір сүру жағдайын жақсартуға күш салып жатқанын атап өтті.

Шара соңында үміткерлер жұртшылықты «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге, жарқын болашаққа бірге қадам басуға шақырды.

#NurOtan

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

#Tanday2021

Еще по теме

ЖЕДЕЛ ЖИНАЛЫС - Yvision.kz