"ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ" ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Бүгін аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Еркебаевтың төрағалығымен балаларға деген қарым-қатынасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу жөніндегі Түлкібас аудандық филиалындағы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі мониторинг және қоғамдық бақылау тобының отырысы өткізілді. Жиынға аудандық орталығынан құрылған «Жедел әрекет ету» тобының мүшелері - аудандық білім бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлам алар бөлімі басшылары, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмаған жасөспірімдер жөніндегі инспектор қатысты. Топты құрудың мақсаты - отбасыларды (жеке адамдарды), балаларды қиын өмірлік жағдайдан, қиындықтан, зорлық-зомбылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу болып табылады.
Тапсырмалар:
өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасын (адамдарды) уақтылы анықтау;
- барлық анықталған отбасылар мен істер бойынша атаулы, кешенді көмек ұйымдастыру;
- отбасында және басқада зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің анықталған барлық жағдайлары бойынша шаралар қабылдау, заңсыз әрекеттер және жедел көмекті ұйымдастыру.
Осы мақсатта жиналған мониторингтік топ мүшелері ауданда орын алып жатқан бірқатар мәселелерге тоқталып, нақты бір шара қолдану жөнінде шешім қабылдады және ол қабылданған шешімдер алдағы уақытта іске асырылытыны жөнінде айтылды.
