Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

#ЖЕҢІСЕСІМДЕРІ

#ЖЕҢІСЕСІМДЕРІ

#АРДАГЕРЛЕРДІАРДАҚТАЙЫҚ

Оласанов Тұрған 1920 жылы 20 наурызда Алматы облысы Нарынқол ауданы Сүмбе ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Қызыл Армия қатарына әскерге шақырылып, 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен байланысшы болып 100-атқыштар дивизиясында Беларусь майданында жаумен соғысқан.

1941 жыл Тұрған ата үшін үміт пен күдіктің арпалысқан сәті. Беларусь, Литва елдерін жаудан азат етуге толық қатысып, ауыр жараланған.

1943 жылы майданда жарақат алған соң госпитальде жатып емделіп, шыққан соң 27- бригадада артиллерист болып Кенисберг қаласын алуға қатысқан. Соғыстан 1946 жылы оралып, ауылға келгеннен кейін, әлсіреген еліне, жеріне қызмет етуін жалғастырады.

1949 жылы отбасын құрып, Аширова Рзвандай болашақ жарымен шаңырақ көтереді.Өмір бойы жары екеуі Сүмбедегі картоп совхозында жұмыс жасап бейбіт күннің берекесін көреді. 9 бала сүйіп, 20 немере, 15 шөбере көріп отырған қария ерлікті істерін ұрпағына айтудан жалыққан емес.

«Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Кенисбергті алғаны үшін», «Ерлігі үшін» медальдарымен наградталған. 30-40 мерекелік медальдары және мақтау қағаздары бар. Майданда 2 рет жарақат алған.

Қазақ елінің төрінде биыл 101- ге көтерілген ардагер.

0
0
149

Еще по теме