ЖАЗДЫ ЖАҚСЫ КӨРЕМІЗ
Бүгін жаздың соңғы күні. Баршаңызды жаздың соңғы күнімен құттықтаймын. Жаз мезгілі кім-кімнің де жақсы көретін, күтетін, бітіп жатса жабырқайтын жаймашуақ кездерінің бірі. Уақыт, шркін, бір орында тұрмайды, міне биылғы жаз маусымы да аяқталып, мектеп оқушылары ертеңгі күнді асыға, уайымдап күтіп жүр. Қарындасым жаздың аяқталғанына жабырқамаймын деп қояды. Өйткені мектептегі достарын, ұстаздарын қатты сағыныпты. Үйде у-шу, күнде демалыс болып үйреніп қалған кішкентайлар үшін не болса да жаздың аяқталып қалғаны ұнамай тұр. Дегенмен, жаңа оқу жылын асыға күткен бүлдіршіндерге ертеңнен бастап жауапты күні. Баршаңызға мереке құтты болсын. Көңіліміз әрдайым жаздай болып жүрейік!
