ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЛЕРГЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
2019 жылдың 6 тамыз күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында облыстық және қалалық жазғы лагерлерге моиторинг жүргізілді.
Мониторингке «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Салиева, облыстық арнайы мониторинг тобының мүшелері және Департамент қызметкерлері қатысты.
Мониторингпен «Дарын» қосымша білім беру орталығы, «Еуразия» және «Атамекен» жазғы лагерлері қамтылды.
Мониторинг барысында қатысушылар лагерлердің жұмысымен танысты, мониторинг қорытындысы бойынша кемшіліктер анықталған жоқ.
