Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАЙЛЫ АУДАН

«Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды.

Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.

Нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.

Өмір сүру сапасын арттырамыз

«Nur Otan» партиясы отбасы институтын нығайту арқылы олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету және баспана алу үшін жағдайлар жасау бойынша шаралар кешенін қолдану қажет деп санайды. Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үй қолжетімді болуын қолдайды. Ауданда 3841 адам тұрғын үй кезегінде тұр.

2025 жылы бір адамға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейін 21,1-ден 22,0 шаршы метрге жеткіземіз.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

2022 жылға дейін аудан аумағында көпқабатты 10 үйдің (220 пәтер) құрылысын аяқтап, кезекте тұрған азаматтардың 6%-ын (220 отбасы) тұрғын үймен қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай тұрғын үй деңгейі бір тұрғынға шаққанда 22,0 м2 жетіп, тұрғын үймен 220 отбасы қамтамасыз етіледі.

Таза ауыз сумен қамтимыз

Қазіргі таңда Төлеби ауданында 55 елді мекеннің 54 елді мекені ауыз сумен қамтамасыз етілген (96,4%, яғни 109430 адам). Ауыз су жүйелерінің жалпы ұзындығы 929,9 шақырым (тозуы 399,8 ш.қ. немесе 43 %).

Біз 2025 жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы бүгінгі таңда ауыз су жүйесімен қамтылмаған:

Жаңакүш елді мекенінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, құрылысын жүргізуге;

тозығы жеткен 22 елді мекеннің ауыз су құбыры құрылыстарын қайта жаңартуға (Зертас, Керегетас, Жаңажол, Нысанбек, Бейнеткеш, Алатау а/о Көктерек су тазалау, Диханкөл, Ынтымақ, Екпінді, Қосағаш, Қорған, Шұбарағаш, Жаңатұрмыс, Біркөлік, Аққұм, Жоғарғы Қасқасу, Ақбастау, Ұйымшыл, Абай, Әңгірата, Ұзынарық, Алшалы) ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз етіледі.

Газбен қамтамасыз етеміз

Газдандыру жобасы бойынша 48 елді мекендегі 98174 халықтың 83,7%-ы немесе 25474 тұрғын үйі табиғи газды пайдаланып отыр. Қалған 7 елді мекені табиғи газбен толық қаржыландырылуын қамтамасыз ету жоспарлануда.

Осы үшін «Nur Otan» партиясы:

2021 жылы 3 елді мекенінде (Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы) ұзындығы 42,3 шақырымдық (құны – 552 млн. теңге);

2022 жылы 4 елді мекенінде (Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Керегетас, Кеңесарық) ұзындығы 65,7 шақырым (құны – 846 млн. теңге) газдандыру жұмысына ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудан тұрғындары газбен 100% қамтамасыз етіледі.

Инфрақұрылым желілерімен қамтимыз

Жер телімі кезегінде тұрған азаматтардың (6900 азамат) мәселесін шешетін боламыз:

Осы үшін «Nur Otan» партиясы:

Көксәйек елді мекенінің бас жоспарына сәйкес тұрғын үй құрылысына бөлінген жер теліміне 4,2 шақырымдық электр желісін, 2 трансформатор, 2,8 шақырымдық жол, 2,8 шақырым байланыс кабелі, 11,5 шақырымдық ауыз су желілерін орнатуға;

Қаратөбе елді мекенінің бас жоспарына сәйкес тұрғын үй құрылысына бөлінген жер теліміне 12,6 шақырым жол, 10 шақырым газ құбыры, 21,7 шақырым ауыз су желілерін орнатуға;

Зертас елді мекенінің бас жоспарына сәйкес тұрғын үй құрылысына бөлінген жер теліміне 3 трансформатор, 4,7 шақырым жол, 9,5 шақырымдық ауыз су желілерін орнатуға;

Қайнар елді мекенінің бас жоспарына сәйкес тұрғын үй құрылысына бөлінген жер теліміне 5,4 шақырымдық электр желісін, 6 шақырым жол, 16,5 шақырымдық байланыс кабелі, 12,4 шақырымдық ауыз су желілерін орнатуға;

Бірінші Мамыр елді мекенінің бас жоспарына сәйкес тұрғын үй құрылысына бөлінген жер теліміне 1 трансформатор, 5,8 шақырым жол, 16,5 шақырымдық ауыз су желілерін орнатуға;

Ленгер қаласының 1 мөлтек ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйелерін құрылысын жүргізуге;

Ленгер қаласында жер үйлер орналасқан мөлтекаудандардың кәріз жүйесін 17% қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Нәтижесінде жер телімі кезегінде тұрған азаматтардың үлесі 15%-ға немесе 5 елді мекендегі 1013 азаматтар жер телімімен қамтылып, тұрғындар кәріз жүйесімен 17%-ға қамтамасыз етіледі.

Экологиялық жағдайды жақсартамыз

Экологиялық ахуал – қауіпсіз өмір сүрудің маңызды факторы.

Аудан халқы қоғамда қоршаған ортаны қорғау мәдениетінің қалыптасуына және өндіріске, тұрмыстық жағдайға таза экологиялық технологиялардың ендірілуін қолдауы қажет.

Осы үшін «Nur Otan» партиясы:

2025 жылға дейін қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 11%-дан 25%-ға дейін ұлғайтуға;

Аудандағы жұмыс жасап тұрған 8 полигонды экологиялық талаптарға сәйкестендіріп және сұрыптап қоқыс жинау контейнерлерін орнатуға ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудан аумағында көгалдандыру ұлғайып, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жарату үлесі 25,0%-ға дейін артады.

Жолдардың сапасын жақсартамыз

Жол – әрбір аудан өмірінің басты күретамыры. Тұрғындар үшін барлық ауылдарда сапалы және жақсы жолдар мен инфрақұрылым болуы тиіс.

«Nur Otan» партиясы елді мекенішілік және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мәселесін шешуге ықпал ететін болады. Біздің міндет – 2025 жылға қарай аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын 70%-дан 90%-ға жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

20,8 шақырымдық аудандық маңызы бар автомобиль жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді, оның ішінде:

2021 жылы 3,9 шақырымдық жолды орташа жөндеу (Нысанбек-Жаңатұрмыс автожолы);

2022 жылы 5 шақырымдық жолды орташа жөндеу (Аққұм-Жаңатұрмыс автожолы);

2023 жылы 2,2 шақырымдық жолды орташа жөндеу (Балдыберек-Төңкеріс автожолы);

2024 жылы 6,3 шақырымдық жолды орташа жөндеу (Әңгірата–Ақбастау; Аққұм-Көксәйек автожолы);

35 ауылда 205 шақырымдық ауылішілік жолдарды жөндеуге;

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша (Бірінші Мамыр, Қасқасу, Қаратөбе, Алатау, Момынай, Абай, Сұлтан Рабат) 44 шақырымдық жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 90%-ға артады.

2
0
223

Еще по теме

ЖАЙЛЫ АУДАН - Yvision.kz