ЖАЙЛЫ ҚАЛА
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қаланы дамытудың 7 басым бағыттары негіз етіп айқындалған.
Атап айтар болсақ, «Экономикалық тұрақты аймақ», «Ыңғайлы аймақ», «Әлеуметтік қызметке бағдарланған аймақ», «Жастарға арналған аймақ», «Тарих пен мәдениетті дамыту», «Ашық және есеп беретін жергілікті органдар», «Қауіпсіз аймақ».
Тұрғындарды мазалайтын дәл осы мәселелер партияның басты басымдығы ретінде айқындалып отыр. Алдағы уақытта бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылатын болады.
Біз әлеуметтік желідегі алдыңғы жазбаларымызда «Экономикалық тұрақты аймақ» туралы айтып өттік. Бүгінгі жазбамыз «Жайлы қала» басымдығына арналып отыр.
«Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды.
Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.
Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.
