Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАСТАРМЕН ПІКІР АЛМАСТЫ

Қоғамда шынайы диалог орнауы үшін түрлі әлеуметтік топтардың пікірлерін біліп, ой бөлісіп тұрған маңызды. Әсіресе, жастардың айтар ойы көп. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев онлайн режимде жастармен кездесіп, пікір алмасты. «Елбасы – біздің саяси идеал» тақырыбында өткен онлайн-жүздесуде Б.Тәжібаев ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздігімізді нығайтудағы еңбегіне тоқталып, Түркістан облысын құру туралы Жарлығының маңызы туралы да айтып өтті. «Біраз жыл бұрын «Президент пен перзент» атты кітабымды жазу барысында қызықты деректерге тап болдым. Республикамыздың түкпір-түкпірінде Елбасымен жүздесіп, кейін ел таныған іскер азаматтарға айналған жастар шоғыры бар екен. Олар көшбасшымен кездесу арқылы, оның елді дамытудағы бастамаларын оқып-біліп, үлгі-өнеге алғандарын айтады. Бүгінде Түркістан қаласында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Көркі көзді арбайтын ғимараттар, әлеуметтік нысандар, мәдени орындар салынды. Бұның бәрі – жастар, яғни, сіздер үшін жасалып отыр», – деген ол жастардың сұрақтарына жауап беріп, пікірлерін тыңдады. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

0
0
147

Еще по теме

ЖАСТАРМЕН ПІКІР АЛМАСТЫ - Yvision.kz