Жастармен кездесу
Әр адамның өз жетістігі болады. Жетістікке жетудің қиындығы мен қызығы болары анық. Жеткен жетістікпен бөлісу де, адам үшін бір миссия. ⠀
Бүгін ауданның белсенді жастары, партия активисті, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген, бүгінгі күнде Мұнайлы аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Р. Конысов пен жас кәсіпкер Б.Ұзақбаевпен кездесу болып өтті. Кездесу барысында жастарға тәлім тәрбие беру ғана емес сонымен қоса бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері жөнінде талқылап, жастармен пікір алмасты.
«Кездесу қатты ұнады. Кеш қонағымен танысып, ағалық ақыл-кеңесін алдым.» дейді белсенді жас Қ. Жумагулова.
