ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
1991 жылы 1 желтоқсанда қазақ елі өзінің тұңғыш президентін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлады. 1 желтоқсан – біздің тарихымыздың жаңа ақ парағы ашылған күн. ⠀ Бұл күн – барша отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке бастайтын күн. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз дамудың ілгерілеу мен өркендеу жолымен келеді. Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биікті бағындырды. ⠀ «Қазақстан өзінің мемлекеттік шекарасын заңдық тұрғыдан ресімдеу мен межелеу жөніндегі мәселелерді түпкілікті шешті, кең байтақ жерінің шекаралық шеңбері бойында тату көршілік белдеуін қалыптастырды. Шекарамыздың шегенделуі мемлекетіміздің дұрыс бағыттағы халықаралық саясатының және Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тікелей жеке беделі мен күш-жігерінің арқасында мүмкін болды. Мұның өзі тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген ел тарихындағы баға жетпес жетістіктердің бірегейі болып табылады. Әрбір іссапарында Мемлекет басшысы қаламыздың дамуына ерекше мән беріп, жарқын болашағына үлкен сенім артып келеді. Сенім үдесінен шығу мақсатында ауқымды істер атқарылып, қаламыздың дамуына бағытталған жаңа жобалар жасалды. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі» - деді «Nur Otan» партиясы МОФ төрағасының бірінші орынбасары Е.Ж.Әбілов. #NurOtan #JasOtan #JasOtanMangystau
