ЖАСТАРМЕН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚЫР-СЫРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Іс-шара мақсаты өз ісін ашуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіре отырып, жастарды кәсіпкерлікке баулу. Жиында З. Усупахметов жастарға алғашқы жеке кәсіпті ашу бойынша түсіндіру жүргізді.
Оның айтуынша, жеке кәсіп ашу үшін алдымен ол туралы идеяны пісіріп алған жөн. Яғни, көздеген бағытыңыз қандай, оған әлеуетіңіз, төзіміңіз бен уақытыңыз жеткілікті ме? Әлбетте, әр кәсіп әртүрлі, сондықтан қаржы да идеяның орасандығы мен көлеміне қарай құбылады. Нысанға шағын бизнесті алсақ, оның міндеттемелері аз әрі тауар, жұмыс, қызмет көрсетуде кәсіпкер қосымша құн салығынан босатылады.
Келелі кездесуде әңгіме болған ақпарат негізінде ең маңызды сауалдардың жауаптары да айтылды. Солардың бірі "Кәсіпті неден бастау керек?"деген сауал. Кәсібін бастауға кіріскен кәсіпкер оны заңдастыру үшін ең алдымен тіркеліп, жеке кәсіпкер куәлігін алған жөн, Тұрғылықты аймақ бойынша салық органына жеке кәсіпкерді тіркеуге қою үшін арнайы салықтық өтініш жазылады. Бұл өтініш салық органына қабылданғаннан кейінгі үш күн ішінде жеке кәсіпкерді салық төлеуші ретінде тіркеу жүргізіледі және оған жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуге алынғаны жөнінде арнайы куәлік беріледі екен.
Сөз соңында төраға орынбасары «Жалпы кәсіп ашпас бұрын әр жеке тұлға азамат жанжақты білімімен біліктілгін арттырып, жаңа бастап жатқан кәсібін сүю қажетті аспект. Шабыт пен құлшыныс арқылы жаңа идеялар, қиялдар туады. Күнделікті мотивация мен креативті ойлар сізді керек арнаға салады», дей келе, қатысушыларға өз ісін ашарда батылдық пен сәттілік тіледі.
