ЖАСТАРДЫ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ҮШІН ДАУЫС БЕРУГЕ ШАҚЫРДЫ.
Бүгін ҚР президенттігіне үміткер Қасым-Жомар Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша штаб мүшелерінің NEET санатындағы жастармен үгіт-насихат кездесуі өтті.
Кездесуге қалалық штаб мүшелері Ғаппар Сәрсенбаев, Исаева Жазира, Садықов Сейдулла, Оспанова Балтакүл және Серім Айғаным қатысты.
Аталған жиында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ.БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына жолдауында жастарға бағытталған басымдықтар бойынша сөз қозғалды.
Сондай-ақ жастарға бағытталған жұмысқа орналастыру, тәжірибе жинақтауға арналған 3 айлық жұмыс туралы тақырыптар кеңінен түсіндірді.Сонымен қатар жастар үшін ең маңызды мәселе білім беру саласы, жатақхана мәселесі болғандықтан осындай түйткілді мәселені шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік –жекеменшік серіктестіктер орнатылатыны жайлы тілге тиек етілді. Сонымен қатар стипендия мәселелері мен жастардың бизнес бастауында гранттардан алатын үлесі туралы да сөз қозғалды.
Жастар өз ұсыныстарын білдіріп, сұрақтарына жауап алды. Штаб мүшелеріде болашақ жастардың қолында екенің жеткізіп,жастарға өз ақылдарын айтып, табысты болуын тіледі
