Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

Партия қолған алып, сайлауалды ұсынып отырған бағдарламасымен таныстырып, жастарға қандай ерекшеліктер қаралғанын баяндады.

Жастардың өз қабілетін жүзеге асыруына, еліміздің қоғамдықсаяси өміріне араласуына, білім алуына және еңбек етуіне мүмкіндігі болуы тиіс. Jas Otan жастар қанаты 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға» бағдарламасын әзірледі, онда жастардың өмір сүру деңгейін көтеру, әлеуметтік ахуалын жақсарту және дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейту бойынша 100 нақты шара қамтылған. Nur Otanпартиясы алға қойылған міндеттерді іске асыруға жәрдемдеседі. Партия сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алуға арналған гранттар санын 50%-ке көбейтуді көздейді. Жылына 75 мың қазақстандық жастың тегін жоғары білім алуға мүмкіндігі болады. Елімізде жылына шамамен 5 мың адамды қамтитын «Алғашқы жұмыс орны» жобасы іске қосылады.«Жасыл Ел» жобасының шеңберінде 30 мың жас, оның ішінде 10 мың ауыл жастары жыл сайын жазғы мезгілге жұмысқа орналастырылады. Ауылдық жерлерге жас мамандарды тартуға және оларды тұрақтандыруға қажетті жағдай жасалынады. Сарыағаш ауданы бойынша «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 305 жас мамандыауылға тұрақтандыру үшін жағдай (тұрғын үй сатып алуға несие және көтерме жәрдемақы беру) жасауға; ауданның шаруа қожалықтары мен ұйымдары арасында меморандумдар жасау арқылы 2 мың жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге; «Жас кәсіпкер» жастардың кәсіпкерлік бастамалары бағдарламаларын іске асыруға және жастардың өз бизнестерін ашуына жыл сайын 15-тен кем емес гранттар ұсынуға; барлық ауылдық округтерде волонтерлік клубтар құру арқылы еріктілер қозғалысының дамуына; еріктілердің желісін кеңейтіп, 2900 жастардың қамтылуымен 250 іс-шара өткізуге ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,9%-ға дейін төмендейді. Жастар әскери-патриоттық тәрбиемен, оның ішінде әскери-спорттық іс-шараларды өткізу жолымен қамтылады. Партиялық тізімдердегі жастар үлесі кем дегенде 20%-ды құрайды.

«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.

0
0
131

Еще по теме

ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА - Yvision.kz