Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАСТАРДЫҢ ҮЙ АЛУЫНА МҮМКІНДІК БАР

"Сіздерді алдағы партия сайлауына келіп , «Nur Otan» партиясына дауыс бересіздер деген сенімдемін. Өздеріңіз білетіндей алдағы бес жыл ішінде партияның қаланың дамуына үлес қосатын бекітілген бағдарламасы бар. Барлық саладан қаланың жоғары деңгейге дамуына үлес қосады. Білім, медицина, экономика, кәсімпкерлік, мәдениет, қала қауіпсіздігінің барлығы қамтылған. Соның ішінде шағын және орта бизесті алатын болсақ, алдағы жылы қаламызда үлкен супермаркет жіне гипермаркеттер ашылады. Көптеген адамдарды жұмысқа алады. Мектеп жетіспейтін жерлерге мектеп салынады. Су, газ, жарық жетпеген жерлерге барлығы тартылады",-деді Алмас Елеуов.

Сонымен бірге халықтың сұранысын тудырған мектеп мәселесі де жыл сайын жөндеу жұмыстарынан өтіп, мектеп жетіспеген аймақтарға жаңа мектеп салынатын болады. Бағдарлама жоспарында көрсетілгендей алдағы бір жыл ішінде 15 мектеп жөндеуден өтіп, «Нұр Ақтөбеде» бір жаңа мектеп құрылысын аяқтайды.

-2021-2025 жылға арналған бағдарламада қаламызда 4 млн. шаршы квадрат метр көлеміндегі үйлер салынады. Жастардың үй алуына, жұмыспен қамтылуына жағдай жасалады. Партия сайлауынан кейінгі мәслихат сессияларында депутаттар осылардың барлығының орындалуын қадағалайтын болады. Сондықтан «Nur Otan» партиясы нақты істердің бағдарламасы. Барлығы атқарылатын бағдарлама. Тек сөз жүзінде қалмайды. Осылардың барлығын нық сеніммен айтамыз. Енді сіздерді 10-қаңтар күні сайлауға келуге шақырамыз,-деді Ақтөбе қалалық сайлауалды штаб басшысының орынбасары Нұрлыбек Жүсіпов.

Кездесу соңында «Дина» гипермармек еңбек ұжымына сайлауалды үгіт-насихат парақшалары таратылды.

0
0
142

Еще по теме

ЖАСТАРДЫҢ ҮЙ АЛУЫНА МҮМКІНДІК БАР - Yvision.kz