Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАСТАРДЫ ПАРТИЯ ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Бүгін партия филиалының мәжіліс залында ҚР Тәуелсіздік және Тұңғыш президенті" күндеріне орай, жастарды партия қатарына қабылдау рәсімі болды.

Шараға партия ардагерлері Ө.Майлыбаев, А.Нұртаев, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Муханов, облыстық және қалалық мәслихатқа үміткерлер Т.Болатбаева, А.Исаева, Б.Берекетов және қаламыздағы қоғамдық белсенділігі жоғары және білімді жастар қатысты.

Жиында ардагер Ө.Майлыбаев жастарға тәуелсіздік жылдарында партияның жеткен жетістіктеріне тоқталып, Елбасының ерен еңбектерін айтып өтті. Бұдан соң жастар партия қатарына ресми түрде қабылданып, оларға парт билеттер табысталды. Жиынға қатысушылар партия қатарына жаңадан қосылған пария мүшелерін тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, алдағы күндеріне сәттілік тіледі.

Салтанатты қабылдау рәсімінің соңында партия қатарына қабылданған Қыдырқожа Аханов: “Тәуелсіздіктің төл мерекесінің айында партия қатарына қабылданып жатырғаныма қуаныштымын. Партиямен бірлесе отырып жұмыс жасап, өз өңірімнің гүлденуіне үлес қосқым келеді”- деп игі тілегін білдірді.

#NurOtan

#NurOtanZhanaozen

#ЯвступаювпартиюNurOtan

#МенNurOtanпартиясынақосылдым

0
0
141

Еще по теме

ЖАСТАРДЫ ПАРТИЯ ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ ШАРАСЫ ӨТТІ - Yvision.kz