ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ.
"AMANAT" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиал жанындағы Жастарды қолдау мәселелері бойынша қоғамдық кеңес отырысы өтті. Отырыстың кеңес төрағасы Құрманғазиев Райымбек Валиханұлы жүргізді.
Кеңес отырысының күн тәртібінде Бөкей ордасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің және балалар спорт мектебінің жастар саясаты саласындағы атқарған жұмыстарын Сисенғалиев Жоламан Бауыржанұлы баяндады.
