Перейти к содержимому

жастарды қолдау бойынша облыстық Кеңестің кезекті отырысы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы жастарды қолдау бойынша облыстық Кеңестің кезекті отырысы өтті.

undefined

📎Кеңес төрағасы Ұлытау облыстық мәслихат депутаты Еркебұлан Молдашов жиынды ашып, жүргізді. Аталмыш іс-шараға облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері және жастар саясаты мәселесі төңірегінде еңбек етіп жүрген азаматтар қатысты.

undefined

Күн тәртібінде "Жасөспірімдер мен жастар арасында электронды темекі мен вейптердің жаппай таралуы" және "Жастар арасында есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы"мәселесі көтерілді. Бұл сұрақ бойынша Аманбаева Анар – Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының бас маманы

Мушенова Карлығаш Жарылғасыновна – Ұлытау облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру және тәрбие беру бөлімінің бас маманы баяндама оқыды.

Кеңес аталған тақырып бойынша барынша ауқымды сөз қозғады.

Күн тәртібі бойынша баяндамашылар мен қатысушылардың пікірлері тыңдалып және талқылаға салынды. Кеңестің келесі отырысында осы мәселе төңірегінде қабылданған шешімдерді қарастыратындарын жеткізді.


#ЖастарКеңесі #ЖастарРухы

0
0
380

Еще по теме

жастарды қолдау бойынша облыстық Кеңестің кезекті... - Yvision.kz