ЖАСТАРДЫҢ БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН СЕНІМІН АРТТЫРАМЫЗ
"Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы назарында: Басымдық №4 ЖАСТАРДЫҢ БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН СЕНІМІН АРТТЫРАМЫЗ Жұмысқа орналасу мүмкіндігін кеңейтеміз 📷 Жыл сайын 5 мың адам үшін «Алғашқы жұмыс орным» жобасын іске қосамыз 📷«Жасыл Ел» жобасы бойынша 30 мыңға жуық жас азаматты жұмысқа орналастырамыз Жастарға өз кәсібін ашуына жағдай жасаймыз 📷 Стартаптарды жүзеге асыру үшін жыл сайын 10 мың грант бөлеміз 📷«Бастау Бизнес» жобасы бойынша жыл сайын 30 мың жас азаматқа кәсіпкерлікті үйретеміз Жұмыс істеп жүрген жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етеміз 📷 Жұмыс істеп жүрген жастарға жыл сайын 3 мың жалдамалы пәтер ұсынамыз 📷 Ауылдағы жас мамандарды жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етеміз 📷 Жас отбасыларға арналған тұрғын үй бағдарламаларын кеңейтеміз 📷 Колледждер мен ЖОО жанындағы жатақханалардағы орын санын 50 мыңға көбейтеміз «Jas Otan» жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға» бағдарламасында алға қойылған міндеттерді іске асыруға жағдай жасаймыз
